Дональд Трамп "Один дома - 2" фильміне түскен екен
Дональд Трамп "Один дома - 2" фильміне түскен екен
81
оқылды

Бұл фильмнің екінші бөлімі 1992 жылы Нью-Йорктегі "Плаза" қонақ үйінде түсірілді.

Ол кезде Трамп бес жұлдызды қонақүйдің иесі еді. Ол осы кинода 30 секундтық сюжетке түскен. Фильмның бас кейіпкері "Плаза" қонақүйіне кіргенде, фойеде өтіп бара жатқан бизнесменнен анықтамалықты сұрайды. Міне, сол бизнесмен - Дональд Трамп. Сол жерде ол балаға жөн сілтеп жіберетіні бар. 

Бұл жаңалықты білген оқырмандардың бірі Википедияның фильмдер бетінде жаңарту жасап, өзгерісті енгізіп қойған. «2019 жылдың 18 желтоқсанында Дональд Трамп киноға түсуіп, АҚШ палатасынан қатысқан алғашқы актер».

Міне, осыдан кейін Интернет-энциклопедия әкімшілігі қолданушыларға бұл парақты еркін өңдеуіне шектой қойылды. 

Бірақ бұған дейін АҚШ палатасы Трамптың импичментін мақұлдаған болатын. Тіпті, конгрессменнің көбі оны биліктен кетіру туралы қарарға дауыс жинаған. Демократтардың ойынша, президент билікті теріс пайдалана отырып, Конгрессті тексеруге кедергі келтірді деп есептейді.