Қала ішін шарлап жүрген жыртқыш аң (видео)
Қала ішін шарлап жүрген жыртқыш аң (видео)
206
оқылды

Семей көшелерінде емін-еркін жүрген сілеусін видеоға түсіп қалды.

Орман жануарын "Компоселок" шағын ауданының тұрғыны байқапты. Ол өз үйінің ауласында жүрген аңды видеоға түсіріп алған екен.

https://youtu.be/gXl_jNBPi-o

Бұл видео келесі күні-ақ әлеуметтік желілерде кең таралып кетті. 

Зоолог Виктор Хромов бұл ақпаратты растап, қалада осы аңды көргені жайында телефон қоңыраулар болған екен.

«Видеодағы бейнесіне қарап, оның жас екенін байқадым. Бұл - кәдімгі сілеусін. Олар біздің аймақта кең таралған. Орман мысығы көбіне біздің қарағайлы орманында тұрады. Олар кезкелген жерде кездесуі мүмкін», - деді Виктор Хромов.