Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ адам мектеп оқушыларын тасымалдаған. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Патрульдік полиция қызметкерлері «Ақтөбе-Орск» автожолында Украинка ауылынан Ақжар ауылындағы мектепке қатынап оқитын оқушылар автобусын тоқтатты. Құжат тексеру кезінде мектеп автобусы жүргізушісінің жол-көлік оқиғасын жасағаны және оқиға орнынан кетіп қалғаны үшін 1 жыл 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалдайтын «ПАЗ» қоғамдық көлігінің тағы бір жүргізушісінің заңға бағынбағанын анықтады. Белгілі болғандай, өткен жылы жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылған.