“Томирис” фильміне түскен каскадерлер салмағы 12 келі Taurus (АҚШ) сыйлығын иемденді
“Томирис” фильміне түскен каскадерлер салмағы 12 келі Taurus (АҚШ) сыйлығын иемденді
165
оқылды

Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Жайдарбек Күнғожинов пен Nomad Stunts командасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында жарыққа шыққан «Томирис» фильмінде трюктерді қойғандары үшін жеңіп алған Дүниежүзілік каскадерлер академиясының (АҚШ) беделді Taurus сыйлығы Алматыға жеткізілді. Көптен күткен сәлемдемені алғаннан кейін каскадерлер жеңіс қуанышын тағы да бөлісу үшін фильмнің режиссері Ақан Қарғамбайұлына келді. Салмағы 12 келі, жезден жасалған мүсін өз өлшемдерімен таң қалдырады. «Бұл сыйлық біздің мамандықтағы ең жоғарғы марапат. Бұдан кейін тек келесі Taurus қана мақсат бола алады», - дейді Жайдарбек Күнғожинов.  />

            <small></small>
    
    <div class=