«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Сәрсенкүл Бихожаева қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген қала тұрғыны, II топ мүгедегі Алтынбек Бекетов 2010 жылы қала әкімдігіндегі арендалық тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, сол мәселеге қатысты сауалдарын қойды. Өз кезегінде Сәрсенкүл Бихожаева пәтер берілу мәселесі кезекке сәйкес ретімен берілетінін түсіндіріп, өзге де сұраққа жауап берді. Қала тұрғыны Болат Жақсылыков III топтағы мүгедек ретінде қоғамдық көліктерде тегін жүруіне көмек қолын созуын сұрады. С.Бихожаева Қызылорда қаласында тек І топтағы мүгедектер ғана тегін жүру санатына енгізілгенін айта келе, оған қалалық мүгедектер қоғамына барып, ұсыныс жасап көруге кеңес берді. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қызылорда облыстық Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Руслан Абдиршев те азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген қала тұрғыны Нұржан Қараманов жұмыс орнынан негізсіз босатылғанын айтып шағымданды. Мән-жаймен жете танысқан Руслан Абдиршев Нұржанға Қызылорда қалалық прокуратурасына арыз жазу ға кеңес берді. Қабылдау соңында барлық өтініш ескерусіз қалмайтыны, тиісті орындарға жолданатыны айтылды.Әбілмансұр ЖАСАН