Бас прокурор Қазақстан Президентіне қадағалаушы орган жұмысының қорытындысын, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады. Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанда қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.
Президентке азаматтардың конституциялық құқын қорғау шаралары, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері және қылмыстық процеске цифрлы технологияны енгізу туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам өміріндегі барлық сала бойынша заң үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыру қажетін айтып, бірқатар нақты тапсырма берді.