Жанқоштың қарсыласы белгілі болды
Жанқоштың қарсыласы белгілі болды
117
оқылды

Бірінші  жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental титулының иегері Жанқош Тұраровтың келесі қарсыласы белгілі болды.

Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі 12 наурызға белгіленді. Қазақстандық 30 жастағы боксшының қарсыласы Ұлыбританиядан келген Тайрон Маккенна болмақ. Жекпе-жек Дубайда өтеді және 10 раундқа жоспарланып отыр. Еске салайық, Жанқош Тұраров соңғы рет рингке 2019 жылдың шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласында шыққан болатын. Ол кезде боксшы аргентиналық Максимилиано Годойды нокаутпен жеңгеннен кейін өз атағын жеңіп алған. Кейін 2020 жылдың наурыз айында өтуі тиіс кездесу пандемияға байланысты кейінге шегерілді.

Айша ЕРСҰЛТАН