Желі пайдаланушылары британиялық әртіс Zayn (Зейн Малик) қазақстандық рэп орындаушы Масло черного тминаның (Айдын Закария) әнін ұрлады деп айыптады.
21 қаңтарда One Direction тобының бұрынғы мүшесі Zayn жаңа Calamity әнін шығарды. Желі қолданушылары 2018 жылдың тамыз айында қазақстандық рэпер шығарған «Танцуй» композициясымен ұқсастығын бірден байқаған. YouTube арнасында Масло черного тмина тыңдаушылары: «Zayn-ның альбомындағы жаңа синглге өте ұқсас па қалай? Calamity деп аталады». «Шетелдік Zayn-ның Calamity туындысынан*** (ұрланған - Ескерт.) пародия. Тыңдадыңыз ба? Бірдей десе де болады?!». «Мен бұл әнді көптен бері тыңдап жүрмін, Зейн Маликті де... Сондықтан бұл ән ұрланған сияқты». «Достар, Zayn-ның қазір жаңа альбомдағы Calamity әніне өте ұқсас!. Қызық, Зейн қазақтың әнін ұрлаған......» деп пікір қалдырып жатыр.Айша ЕРСҰЛТАН