Балқаштағы «өлі» балықтар
Балқаштағы «өлі» балықтар
153
оқылды

Балқаштағы өлі балықтардың видеосы елдің наразылығын тудырды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері браконьерлердің Балқаштан 119 келі балық алуға тырысқанын айтады.

«Біздің ержүрек балықшыларымыз балық аулайды, кеше олар торларын тексерді. Ал біз қашан қармаққа түсіреміз деп өскенін күтіп жүрміз. Ол бұлай ешқашан өспейді. Балық инспекциямыз қайда?» деп шырылдайды видеодағы ер адам. «Балқаш көлінде жедел рейдтік іс-шара өткізу кезінде Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Балқаш ауданы Құйған ауылы мен Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының екі тұрғыны Nissan және Волга 3110 маркалы көлік жүргізушілерін ұстады», – деді Экология министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері. Шығын 225 мың теңге болған. Ал «алынған балық сот шешімі шыққанға дейін сақтауға тапсырылды»,– дейді ведомстводағылар.

Айша ЕРСҰЛТАН