Телефон арқылы тілдесті
Телефон арқылы тілдесті
5,115
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығымен құттықтағаны үшін ризашылығын білдірді.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері барлық сала бо­йынша екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Мем­лекет басшысы екі елдің халықаралық аренада сындарлы ықпалдастық орнатқанын айтты.

Мемлекет басшылары өзара ынтымақтастықты одан ары нығайту перспективаларын талқылап, 2020 жылы Қазақстан астанасында кездесуге уағдаласты.