Көңіл айтты
Көңіл айтты
5,148
оқылды

Қазақстан Президенті қыр­ғыз халқының аса көр­некті режиссері Болот Шам­шиев­тің қайтыс болуына бай­ла­нысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жол­дады.

«Болот Төленұлы әлемдік кино өнерінде өшпес із қалдыр­ды. Ол екі ел арасындағы ғасыр­лар бойы қалыптасқан достық пен бірлікті нығайтуға зор үлес қосты. Ол сахналаған қазақ әде­биеті мен драматургиясы клас­сик­терінің шығармалары Қа­зақстан мен Қырғызстан халық­тарының ортақ мәдени мұрасына айналды. Болот Шамшиевтің есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақ­талады деп сенемін», – делін­ген жеделхатта.