Халықаралық нормалар талқыланбақ
Халықаралық нормалар талқыланбақ
5,141
оқылды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төраға­лы­ғымен Палатаның бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары бірқатар ратифика­циялық заң жобасын қарап, тал­қылайтын болады.

Оның қатарында Шанхай ынтымақтастық ұйымының экс­тремизмге қарсы іс-қимыл жө­ніндегі конвенциясын ратифи­ка­циялау туралы заң жобасы ұйымға қатысушы мемлекет­тер­дің экстремизмге қарсы іс-қи­мыл ынтымақтастығының тиім­ділігін арттыруға бағытталған. Бұл Конвенция екі жыл бұрын елордада жасалған.

Осы күні депутаттар наза­рына тұншықтыратын, улы не­месе басқа да ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманы (Женева, 1925 жылғы 17 маусым) ратифика­ция­­лауға арналған құжат ұсы­ны­лады. Қазіргі уақытта 140 мем­ле­кет Женева хаттамасының қаты­сушысы саналады. Заң жо­басы Қазақстанның Женева хат­тама­сына ресми қосылуы үшін мүм­кіндік жасауға бағыт­талған.

Алдағы жалпы отырыста Па­лата Тәжікстан, Қырғыз Респуб­ликасы, Қазақстан және Ис­маилиттер Имаматы арасындағы Орталық Азия университетін құру жөніндегі шартқа хатта­маны, сонымен бірге Ресеймен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөлік­тердің құлау ауданы ретінде Қа­зақстан аумағындағы жер учас­кесін беру және пайдалану шарт­тары туралы үкіметаралық келі­сімді ратификациялауға қатысты заң жобаларымен жұмысты одан ары жалғастырады деп күтілуде.


Елдос СЕНБАЙ