Пікір
Пікір
156
оқылды
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы күннен күнге жанданып келе жатыр. Бірінші отырыс пен екінші отырыстың арасында қоғамдық кеңестің көптеген мүшесі Президенттің қабылдауында болды

Зарема.JPG Зарема ШАУКЕНОВА, Президент жанындағы ҚСЗИ директоры:

Ашық сұхбатқа бейіл екенін көрсетті

Қасым-Жомарт Тоқаев ри­торикасындағы президенттіктің алғашқы күнінен бастап халық пен мемлекеттік органдар ара­сын­дағы ашық сұхбат басым ба­ғыт ретінде алынған. ҰҚСК-ның екінші отырысы Прези­дент­тің ашық сұхбатқа және «құ­лақ асатын мемлекет» қағи­датына бейіл екенін көрсетті.

Тапсырмалар арасында әйелдер мен жастар үшін міндетті 30% квотаны ерекше атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген ел ерікті партиялық квоталарды енгізуде. Мысалы, «Кеңес 90/Жасылдар» (Германия) партиясы және Австриялық жасылдар партиясы партиялық тізімде әйелдердің кемінде 50% болуы тиіс деп қарастырады. Испанияның Социалистік жұмыс партиясы өз кан­дидаттарының тізіміне әйелдердің 40% қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Швецияның барлық пар­тиясы кезектесу («зипперинг») принципін ұста­нады. Бұл жағдайда кандидаттардың партиялық тізімінде әйелдердің 50%-ы ғана емес, сондай-ақ сайланған депутаттар санының 50%-ын барынша жақындай­тындай етіп ерлер мен әйелдер ауысып отырады. Швеция әйелдер өкілдігінің деңгейі бойынша әлемде төртінші орында және ел парламентінде 45%-ды әйелдер алады.

Жалпы, партиялық квоталар екі тәсілмен бел­гіленеді: партияның құрылтай құжаттарына, ере­желер жарғылары мен жинақтарына өзгерістер ен­гізу ар­қылы саяси партиялар ерікті түрде қабыл­да­нады не­месе ерікті квоталар әдетте квоталау туралы ресми заңдарда (сайлау, саяси партиялар және т.б. туралы заң­нама) белгіленеді. Біз көріп отырға­ны­мыз­дай, Қа­зақ­стан партиялық квоталаудың екінші тәсілін ен­гізуде және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, бұл шара әйелдердің саясатқа, әсіресе заң шығару про­цесіне белсенді келуін ынталандыруы тиіс.

Али.JPG Әли БЕКТАЕВ, Сенат депутаты:

Жұмыс жанданып келеді

– Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы күннен күнге жанданып келе жатыр. Бірінші отырыс пен екінші отырыстың арасында қоғамдық кеңестің көптеген мүшесі Президенттің қабылдауында болды. Екін­ші­ден, Мемлекет басшысы көп­те­ген қо­ғамдық ұйым мен саяси пар­тия­лардың басшыларымен, сарапшылармен кездесті.

Себебі бірінші отырыста айтылған мәселелерді Қасым-Жомарт Кемелұлы тиісті мамандармен және сарапшылармен, саясаттанушылармен, Ұлттық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып қарастырып, нақты бір шешімге келу үшін жағдай жасады.

Мемлекет басшысы қоғамдағы саяси реформаны жандандыру, демократиялық принциптерді терең­дете түсу, сондай-ақ қоғам арасындағы әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелер тұр­ғысында халықты толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді. Қазіргі уақытта Ұлттық кеңестің жұмы­сы, орны халқымыздың ой-пікірінде де, қоғамы­мызда да нақты орын ала бастады. Бүгінгі таңда Президентке де, Мемлекет басшысы құру туралы бастама көтерген осы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне де ел халқының арасында үлкен сенім бар. Себебі бұл кеңесте, шынында да, қоғамда айтылып жүрген, қазіргі уақытта шешімін табуды күтіп тұрған көптеген мәселе көтеріліп жатыр.

Азат.JPG Азат ПЕРУАШЕВ, Мәжіліс депутаты:

Саяси реформасыз ілгерілеу мүмкін емес

Ұлттық қоғамдық сенім ке­ңе­­сінің екінші отырысындағы Мем­лекет басшысының ұсы­ныс­­тары мен тапсырмалары «Ақ жол» де­мо­кратиялық пар­тиясы үшін ай­тар­лықтай сенім ұялатты. Пре­зи­денттің жаңа­шылдық әрі аза­мат­тық күш-жігермен жасал­ған бір­қа­тар қадамға құрметпен қараймыз.

Жалпы, бүгінде саяси реформаларсыз әлеумет­тік-экономикалық реформаларды ілгерілету мүмкін болмайтындай жағдай қалыптасып отыр. Бүгінде саясатты дамытпай, экономиканы дамыту мүмкін емес. Сондықтан саяси жүйедегі тың қадамдарға назар аударған жөн. Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешпестен, саясатты ілгерілету де мүмкін емес.

Қасым-Жомарт Кемелұлының Ұлттық кеңесте сөйлеген сөзінен Мемлекет басшысы қазіргі жағ­дайды айқын түсініп отырғанын байқауға болады. Президент өз шешімдерін де ұсынды. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы бірқатар маңызды тапсыр­ма­ларды бергеніне алғысымды айтамын.

Менің ойымша, парламенттік опозицияның, азшылықтың базалық құқықтары Парламент рег­ламенттерінде ғана емес, сонымен бірге заңнамалық тұрғыда бекітілуі тиіс.

Талғат.JPG Талғат ҚАЛИЕВ, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

Көп ұсыныс қолдау тапты

Жұмыс топтарының отырыс­тарында жасалған ұсыныстардың көпшілігі қолдау тапты десе бо­ла­ды. Кейінгі айларда мүдделі мем­лекеттік органдардың, Пре­зи­дент Әкімшілігінің басшы­лығымен өткізілген кездесулерде алдыңғы отырыстардың ұсы­ныстары кеңінен талқыланған болатын. Саяси жаңғырту тобының нәтижесінің бірі – митингілер туралы хабарлау жүйесіне көшу. Бұл – өте маңызды қадам.

Саяси партиялардың мүшелерін тіркеуді 40 мың­нан 20 мыңға азайту ісіне де назар аударған абзал. Бұл көп пе, аз ба? 17 өңірге есептеп бөлсеңіз, бір партия үшін 1 176 адам керек деген сөз. Блогер­лердің жазылу­шылары мыңдап саналатын әлеуметтік желінің заманында өз партияңыздың қатарын оп-оңай жинап алуға болады. Оппозициялық партия өкілдеріне Парламенттегі жетекші позициялар бе­ріледі. Мә­жілістегі комитеттің басшысы лауазымына кез келген партияның жолы ашылып тұр. Мұндай жағдайда Парламент пікірталасқа бейім әрі батыл болуы тиіс.

Мемлекет басшысының Есеп комитеті аудитінің жариялы болуы керек деген шешімін де атап өтуге болады. Жаңашылдықта экономикалық сипат басым десек те, бұл шешімнің саяси маңызы да жоғары. Себебі осы өзгеріс азаматтық сектордың құзыретін арттырады. Ал жала жабу туралы баптың декрими­нализациялануы отандық журналистерді жігерлен­діре түсуі керек.