Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Әріптестері араша түсті

«Айқын» ақпарат
Қаңтар 23, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
әріптес
916
қаралым

Қоғамда резонанс тудырған оқиғаға үкім шықса да, жанайқайы басылар емес. Дүниеге келген шарананы тоңазытқышқа тірідей салып, өмірінің үзілуіне себепкер болған дәрігерлерге тағайындалған жазаға әріптестері келіспей, жазаны жеңілдетуді сұрады.

Облыстық перинаталдық ор­та­лық директорының міндетін уақытша атқарушы Асқар Кенже­ғалиев аталған мекеме қызмет­кер­лері бұрынғы әріптестеріне шыққан сот үкімі тым қатаң деген пікір білдіріп отыр.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, перзентхана қызметкерлері  кінәлі деп танылған экс-дәрі­герлерге кесілген жаза уақыты тым ұзақ, сондықтан мерзімді қысқартуға ұсыныс жасаған.

– Ешкім сот үкіміне қарсы емес. Алайда өз ұсыныс­ымыз­ды құжат жүзінде дайындап, Мем­лекет басшысына жеткізуге то­лық құқымыз бар деп есеп­тей­міз. Жазаны жеңілдетуге қатысты шаралар қолдануға болады деген үмітіміз басым. Әріптестерімізге қатысты шығарылған үкім тым қатаң. Бұған дейін олар көптеген сәби мен ананы ажал аузынан арашалап қалды, біраз отбасын бақытқа кенелтті. Бола­шақта да әріптестеріміз қо­ғамға мол пайда әкеледі. Меди­цина қызмет­керлері сот процесі біржақты өткеніне реніш біл­діруде. Осын­дай өте күрделі жағдайда меди­цина қызмет­керлері қа­лыпты режимде қызмет етіп, тікелей міндетін атқара алмайды. Бұдан кейін ізімізді басып жатқан жас медицина қызмет­керлерінің мамандығына деген жауап­кер­шілігі қалай болады? Осының бәрін ескере отырып, Мемлекет басшысына, сондай-ақ дәрігер құқығын қорғайтын респуб­лика­лық қа­уымдас­тықтарға, кәсіп­одақ ұйым­дарына өтінішімізді жол­дап, әріп­тес­теріміздің жаза­сын жеңілдетуге көмектескіміз келеді, – деді Асқар Кенжеғалиев.

Бейбіт күнде бес періште көкке ұшты

Теміртауда тағы да апат

Петропавлдағы жарылыстан зардап шеккен үш адамның жағдайы ауыр

Медицина қызметкерлерімен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков және облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, мәслихат депутаттары кездесіп,  талап-тілектерін тыңдады.

Дәрігерлермен жүздесуде об­лыстық перинаталдық орталық директорының міндетін уақытша атқарушы  Асқар Кенжеғалиев сот үкімімен келіспеген орта­лықтың ұжымы жаппай жұмыс­тан кету жөнінде арыз беріп жат­қаны туралы ақпарат шын­дыққа жанаспайтынын мәлім­деді.

Tyrsin

 

 

 

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
Атырау облысы

 
Тегтер: арашаәріптесдәрігерлероқиғаперинаталдық орталықрезонанс тудырған
Алдыңғы жаңалық

Шымкент атшабары үшін арпалыс тоқтар емес

Келесі жаңалық

Тәуелсіздікпен тамырлас дастан

Ұқсас жаңалықтар

бокс
Жаңалықтар

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Ақпан 28, 2021
АҚШ
Басты жаңалықтар

АҚШ әрбір тұрғынға 1400 доллардан ақша таратып бермек

Ақпан 28, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Ақпан 28, 2021
орал
Қазақстан

Оралда газдан уланып көз жұмған тұрғынның денесі табылды

Ақпан 28, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Ақпан 28, 17:48

АҚШ әрбір тұрғынға 1400 доллардан ақша таратып бермек

Ақпан 28, 17:24

Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Ақпан 28, 16:55

Оралда газдан уланып көз жұмған тұрғынның денесі табылды

Ақпан 28, 16:23

Бір аяғы жоқ келіншек құрылыста жұмыс істеп, екі баласын асырап отыр

Ақпан 28, 15:56

Қарағандыда туысын қызметке тағайындаған шенеунік жазаланды

Ақпан 28, 15:25

Түркістанда қыз ұзату жасаған тұрғын жазаға тартылды

Ақпан 28, 14:51
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

бокс

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Ақпан 28, 2021
АҚШ

АҚШ әрбір тұрғынға 1400 доллардан ақша таратып бермек

Ақпан 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»