Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Тәуелсіздікпен тамырлас дастан

«Айқын» ақпарат
Қаңтар 23, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
кітапхана
27
қаралым

Ұлттық академиялық кі­тап­­ханада «Ер Едіге – Но­ғай­лы дәуірінің жыры» атты ғы­лыми-практикалық кон­фе­рен­ция өтті. Ақтөбе облысы әкім­дігінің ұйымдастыруы­мен өткен халықаралық жиын­да қатысу­шылар Едіге  тұл­ғасының қазақ үшін, түркі жұр­ты үшін маңызына тоқ­талды.

Айтулы шараға Сенат пен Мә­жіліс депутаттары, қоғам қай­раткерлері, мемлекеттік орган қыз­меткерлері, белгілі ғалымдар мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, ақын-жазушылар, атақты жыр­шы-жыраулар, өлкетану­шы­лар, «Едіге», «Қазақ эпосы» қоғамдық қорлары өкілдері қатысты.

Парламент Сенатының де­путаты Мұхтар Құл-Мұхаммед конференцияның ашылу сал­танатында сөз алып, ер Едігенің қазақ халқының ғана емес, көп­теген түркі халықтарының есінде ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ең қадірлі, ең құрметті, ең көп тараған жырларының бірі екенін атап өтті.

«Едіге би – тарихта болған адам. Ноғай ордасы құрылған кез­де осы орданың билеушісін хан емес, би деп атаған. Бірақ бәрі­нің түп қазы­ғы – Ноғай ор­дасының ұлыс биі Едіге және оның ұрпақтары бо­лып есеп­теледі. Алдағы уақытта ер Еді­ге мен оның тікелей ұр­пақ­тарына қатысты жырларды бөлек дербес жинақ етіп шығару керек. Әрі Қырымның 40 батыр­ларына кіретін жеке батырларды жи­нақтасақ, 100-ге жуық батыр­дың өмір тарихы, дастан­дары шы­ғайын деп отыр. Олар­дың клас­сикалық нұсқа­ларын орыс тіліне, қа­жет жағдай­да ағылшын тіліне де аударып бастыратын заман кел­ді», – деді ол.

Ел тірегі – тәуелсіздік пен татулық

Азат елдегі азаматтық қоғам

Мемлекет тағдырын айқындаған құжат

Одан бөлек, атақты жырау, Қа­зақ ұлттық университетінің профессоры Алмасбек Алматов «Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық альбомы қа­лай шығарылғанын айтып берді. Альбомның көп уақыт ізде­ністің нәтижесінде, жан-жақ­ты зерт­теліп барып қолға алынған күрделі жұмыс екенін айрықша атап өтті. «Ер Едіге», «Қырымның 40 батыры» дастандары кітап күйін­де том-том болып сөреде тұра­тынын баса айтты. Одан қал­са, жыршы-жырауларымыздың оны жырлауға дайын болмағаны тағы бар. Сондықтан 1998 жылы «Дәс­түрлі өнер, жыр» маман­дығының мемлекеттік стандарты жасалып, ЖОО-да арнайы ма­ман­дық ретінде ашылған екен.

«Дәстүрлі өнер маман­дығының ЖОО-да оқы­тылуы, кәсіби маман ретінде әзір­ленуі – 550-ден астам батыр­лық жыры­мызды халыққа рухани байлық не­гізінде ұсынуға дайын де­ген сөз. Моңғолияда ХІІІ ға­сыр­­да жа­зылған «Жаңғыр» жыры 14 мың жол екен. Соған Ұлан­ба­тырға 10-симпозиум ша­қырып отыр. Түркияның Болу қаласында Көрғұлы эпосының 12-сим­по­зиумы өтіпті. Ал бізде 550-ден ас­там эпос бар деп отыр­мыз. Оның әрқайсысына қанша­лықты деңгейде ғалымдар керек, оның рухани кеңістікке шығуы үшін жа­салатын істер алдымызда тұр», – дейді жырау.

Өз кезегінде Халықаралық Түр­кі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі аталған шара­ның Тәуелсіздік мерекесімен бай­ланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, «Едіге» жыры – репрессияға ұшыраған, тәуел­сіздік арқылы ғана бізбен қауыш­қан тағдырлы жыр. Кезінде «Едігеге», татардың, но­ғай­дың, қарақалпақтың «Еді­ге» жыр­ларына да Мәскеу ресми түрде тыйым салған. Тіпті, қара­қал­пақтың атақты Ерболат жырауын 1938 жылы 76 жасында «Едігені» айтқаны үшін азаптап өл­тірген. Ал 1947 жылы сол кез­дегі Қазақ­стан басшылығы да өрес­кел қате­ліктер жөнінде ар­найы қаулы шы­ғарған. Сол үшін «Едіге» шаң басып архивте қалған екен. Әрине, «Едіге» тура­лы Әлкей Мар­ғұлан, Мұхтар Әуе­зов, Бей­сенбай Кенжебаев сынды ғалым­дар айтқан. Алайда оның ұлт­пен қауышуы тәуелсіздік ал­ған жыл­дармен тұспа-тұс кел­ген.

Айта кетерлігі, конференция ба­рысында «Ер Едіге – Ноғайлы дә­уірінің жыры» музыкалық альбомы шығарылды. Жинаққа «Едіге батыр» эпосы, Мұрын жы­рау нұсқасындағы «Қырымның 40 батыры» және «Қарасай-Қази» дастаны (Қайролла Иманғалиев нұсқцасы) және басқа да ел ара­сында кеңінен жырланып жүрген көлемді дастандар енген. Жалпы саны 40-тан астам жыршы атал­ған дастандарды 60 сағат бойы жырлаған.

Айбике ЖАНАСЫЛ

 
Тегтер: кітапханаконференциятамырлас дастантәуелсіздік
Алдыңғы жаңалық

Әріптестері араша түсті

Келесі жаңалық

Зейнетақы жинағын алу: Үш сағатта арнайы сайтта 4 мыңнан астам өтінім тіркелді

Ұқсас жаңалықтар

Ақтау
Жаңалықтар

Ақтауда екі адам химиялық заттан уланып, көз жұмды

Ақпан 28, 2021
бокс
Жаңалықтар

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Ақпан 28, 2021
АҚШ
Басты жаңалықтар

АҚШ әрбір тұрғынға 1400 доллардан ақша таратып бермек

Ақпан 28, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Ақпан 28, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда екі адам химиялық заттан уланып, көз жұмды

Ақпан 28, 18:15

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Ақпан 28, 17:48

АҚШ әрбір тұрғынға 1400 доллардан ақша таратып бермек

Ақпан 28, 17:24

Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Ақпан 28, 16:55

Оралда газдан уланып көз жұмған тұрғынның денесі табылды

Ақпан 28, 16:23

Бір аяғы жоқ келіншек құрылыста жұмыс істеп, екі баласын асырап отыр

Ақпан 28, 15:56

Қарағандыда туысын қызметке тағайындаған шенеунік жазаланды

Ақпан 28, 15:25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ақтау

Ақтауда екі адам химиялық заттан уланып, көз жұмды

Ақпан 28, 2021
бокс

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Ақпан 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»