Атырау облысында 82 жастағы қарияның денесі табылды
Атырау облысында 82 жастағы қарияның денесі табылды
98
оқылды

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, ер адамның мәйіті Махамбет ауданындағы Таңдай ауылынан табылған. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

«Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес бұдан өзге ақпарат жарияланбайды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Алайда ауылдастарының айтуынша, марқұмның денесі қорада бірнеше ай жатып қалған.