Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, ер адамның мәйіті Махамбет ауданындағы Таңдай ауылынан табылған. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
«Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес бұдан өзге ақпарат жарияланбайды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.Алайда ауылдастарының айтуынша, марқұмның денесі қорада бірнеше ай жатып қалған.