Бүгін арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы 4 мыңнан астам адам өтініш берді. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Банк мәліметінше, зейнетақының бір бөлігін аударуға арналған 65 мыңға тарта арнайы шот ашылды. Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт іске қосылғалы ел аумағында өтінім қабылдау басталды.«Бүгін сағат 09:00-ден бастап enpf-otbasy.kz арнайы сайты іске қосылды. Содан бергі үш сағат ішінде 4 509 өтінім қабылданды. Қазіргі кезде өтінім қабылдайтын сайт қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - деді баспасөз қызметінің өкілі.