Павлодар облысында карантин 8 ақпанға дейін ұзартылды
Павлодар облысында карантин 8 ақпанға дейін ұзартылды
142
оқылды

Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Алиев тұрғындар арасында COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында жаңа қаулы  жариялады. Бұл жайында Рavlodarnews.kz хабарлады.

Айтуынша, ғимарат ішін 30 орыннан  асырмай, әлеуметтік арақашықтықты сақтап отырғызылуы тиіс.  Бір дастарқанда адам саны алтыдан аспауы керек.  Сонымент қатар ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа жаппай өткізілетін іс-шараларды тыйым салынды. Жұмыс істеу тәртібі сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін шегерілді. Мейрамханалар, кафе, барлар, асханалар сенбі мен жексенбі күндері жұмысты тоқтата отырып, тек жеткізу/алып шығу режимінде жұмыс істей алады. Екіншіден  Call center, бейне-ассистенттер мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерілді. Енді дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істесе, сенбі, жексенбі мен мереке күндеріне тыйым салынды. Үшіншіден ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, барлық сауда объектіге, қоғамдық көлікке, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, дәліздерге, лифтілерге, ұйымдарға, қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа қаулы 2021 жылдың 25 қаңтарында сағат  00:00-ден бастап, 2021 жылдың 8 ақпанның 00.00 сағатына дейін күшіне енеді.