Семейде бозбала көпірден секірді
Семейде бозбала көпірден секірді
5,109
оқылды

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Семейде көпірден секірген жігіт 17 жаста екен.

Оқиға 22 қаңтарда сағат 17:30 шамасында болған. Бозбала қайтыс болды. Тергеу амалдарына байланысты оқиғаның жай-жапсары айтылмайды. Қазіргі уақытта Орталық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлім 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы – Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.