ШҚО-да 26 адам қар құрсауынан құтқарылды
ШҚО-да 26 адам қар құрсауынан құтқарылды
5,111
оқылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бірінші қоңырау «Мақаншы – Үржар» тасжолында Toyota Highlander көлігі жыраға құлап кеткен жүргізушіден түсті.

Оқиға орнына келген №54 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арнайы техникамен көлікті сүйреп шығарды. Осылайша, 3 адам Мақаншыға қарай қайта бет алған. Ал «Омбы-Майқапшағай» тасжолында жолда қалған 6 көліктің ішінде «Газель» мен КамАЗ болған. Құтқарушылар көліктерді қардан шығарып, 15 адамды Зайсан қаласына дейін апарып тастады. Жалпы 1 түннің ішінде қар құрсауында қалған 26 адам құтқарылды.