«Қазақстан темір жолы» басшысы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылданып жүріп жарақат алды. Бұл туралы «ҚТЖ «ҰК» АҚ баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.
22 қаңтарда әлеуметтік желілерде Мыңбаевтың «омыртқасы ауыр жараланды» деген ақпаратқа қатысты ұлттық компания өкілдері мәлімдеме жасап, бұл қауесетті жоққа шығарды.«Қазақстан темір жолы» «ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазір ол емделіп жатыр. Оның денсаулығына ешқандай қауіп жоқ», - деді баспасөз қызметіндегілер.