«ҚазМұнайГаздың» 2019 жылдағы 10 оқиғасы
«ҚазМұнайГаздың» 2019 жылдағы 10 оқиғасы
120
оқылды

Қуаты артты

Қызылорда облысы Қазалы ауданының Ақсуат кентінің ма­ңында «Қорқыт Ата» компрес­сор­лық стансасы іске қосылғаннан кейін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры толық жобалық қуатына шықты. Нәти­жесінде, «Бейнеу-Бозой-Шым­кент» газ құбырының өткізу қа­білетін жылына 10 млрд текше метр­ден 15 млрд текше метрге жет­кізу жөніндегі ең ірі инвести­циялық жоба тамамдалды. Айт­пақшы, газдың 5 млрд текше мет­рі еліміздің оңтүстік аймақ­тарындағы көгілдір отынға сұра­нысты толығымен өтейді. Ал қал­ғаны Қытайға экспортқа жө­нелтілетін болады.

Меншік иесі ауысты

Ақпан айында «ҚазМұнайГаз» атауымен жұмыс істейтін жа­нармай құю стансалар желісін 60,5 млрд теңгеге сату жөніндегі мә­міле аяқталды. Сәуірдің 1-ші кү­нінен бастап ЖМҚС желісі Petro-retail ЖШС компаниясының меншігіне өтті. ЖМҚС желісін са­ту ҚМГ стратегиясына және Үкі­­меттің экономикадағы мемле­кет үлесін азайту жөнінденгі жос­парларына сәйкес келеді.

Еншілес ұйым қор нарығынан кетті

Ақпанда ҚМГ еншілес ұйы­мы – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өн­діру» АҚ артықшылықты акция­ларды кері сатып алу бағдарла­­масын аяқтады. Жалпы сомасы
15,9 млрд теңгеге артықшылықты ак­циялардың 65%-ы сатып алын­ды. 2019 жылдың 14 мамырынан бас­тап ҚМГ БӨ акциялары бир­жада сатылмайтын болды.

Тұрақты және позитивті

Наурыз айында Fitch халықа­ра­лық рейтинг агенттігі ҚМГ рей­тингісін «ВВВ-/Болжам тұ­рақты» деңгейінде растады. Со­нымен қатар агенттік жеке рей­тингтің (stand-alone credit profile) b-дан bb-ға дейін жоғарылауын атап өтті.

Тамыз айында Moody’s ха­лықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ-ның Қазақстан Үкіметінің қолдауынсыз дербес негіздегі кре­дит төлеу қабілеті рейтингісін Ва3-тен Ва2 дейін жоғарылатты. ҚМГ-ның ұзақмерзімді рейтин­гісінің болжамы «тұрақтыдан» «позитивтіге» қайта қаралып, Bаа3 деңгейінде расталды.

Жер астынан шыққан бұрқақ

Наурыз айында «Маңғыстау­мұ­найгаз» АҚ-ға қарасты Қа­лам­қас кен орнында күрделі учаскеде ұңғыманы бұрғылау кезінде газ-су аралас бұрқақ пайда болды. Ке­йіннен газ-су қоспасының ошағы жана бастады.

Апат орын алған сәттен бастап мамандар күрделендірілген бұр­ғылау ерітіндісімен ұңғыманы жуу жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ грифондарды жою үшін жөн­деу-оқшаулау жұмыстарын жүр­гізді. Өртті ауыздықтауға 80-нен астам маман мен техниканың 25 бірлігі жұмылдырылды. Апат сал­дары жойылып, ұңғыма жабылды. Құрбан болған және зардап шек­кендер жоқ.

«Түркістан» Бакуге аттанды

Сәуір айында Ақтау теңіз пор­тында Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша фидерлік кеме қатынасы ашылды. Баку портына контейнерлер тиелген алғашқы қазақстандық «Түркіс­тан» фидерлік кемесі жөнелтілді. Жо­баның теңіз операторы – «Қа­зақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК.

Фидерлік кемелер апта сайын жүріп тұрады. Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік тасы­мал­­даулар «Қорғас – Шығыс қақ­­пасы» арнайы экономикалық аймақтағы құрғақ портының Ал­тынкөл шекаралық стансасынан Ақтау теңіз портына дейін жет­кі­зіліп, ары қарай батысқа жөнел­тіледі.

«Сарыарқа» тынысы

Қазан айында «Сарыарқа» газ құбырының желілік бөлігінің құ­рылысы аяқталды. Оның жалпы ұзындығы – 1061,3 шақырым. Газ құбыры небәрі 8 ай ішінде са­лынды. Құбырларды жалғау жыл­дамдығы тәуілігіне 6-8 шақырым­ды құрады. «Сарыарқа» газ құбы­ры Қызылорда – Жезқазған – Қа­рағанды – Теміртау – Нұр-Сұлтан қалаларын тоғыстырды. Құрылыс жұмыстарына 2 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Құ­рылыс кезінде өндірістік жара­қат алудың бірде-бір оқиғасы тіркелмеді.

Жобаның жалпы сомасы – 267,3 млрд теңге.

Газ құбыры пайдалануға бе­рілгеннен кейін 2 миллионға жуық қазақстандық табиғи көгіл­дір отынға қол жеткізе алады.

Экспорттың жаңа бағыттары

Қарашада Атырау мұнай өңдеу зауыты Аи-92 маркалы бензиннің бірінші партиясын Еуропаға жө­нелтті. Экспорттың көлемі – 1 827 тонна. Ол жанармайды өндіру көлемінің ұлғаюы мен мұнай өнім­дері сапасының жақсаруы арқасында мүмкін болды.

Бұған қоса, қараша айында CASPI BITUM БК ЖШС Өзбек­станға шамамен 10 000 тонна битум экспорттады. Ішкі нарық битуммен толықтай қамтамасыз етілгеннен кейін өнім экспортқа шығарыла бастады. Экспорт тұрақты негізде жүзеге асырылады деген жоспар бар.

Қарызды қайтару парыз

Қараша айында ҚМГ Vitol ха­лықаралық трейдинг компаниясы мен халықаралық банктер синди­катынан аванс алу есебінен «Те­ңізшевройл» ЖШС-нен мұнайды жеткізу жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерін мерзімінен бұ­рын өтеді.

Аталған міндеттемелерді мер­зімнен бұрын өтеу ҚМГ компа­ния­лар тобының қаржылық жағ­дайын жақсарту, қарыздарын бас­қару және ақша ағындарын оң­тайландыру жөніндегі іс-ша­ралар кешенін өткізу нәтижесінде мүмкін болды.

Аванс толық өтелгеннен кейін мәміленің барлық тараптары ара­сындағы мұнайды жеткізу жө­ніндегі келісімшарттар күші олар­дың әрекет ету мерзімдеріне дейін (2021 жылдың бірінші жарты­жыл­дығы) сақталатын болады.

Бір жыл – 10 әріптес

Биыл ҚМГ мұнай-газ сала­сын­дағы әлемдік көшбасшы­лар­мен ынтымақтастық туралы ме­мо­рандумдарға, бірлескен қызмет жөніндегі келісімдерге, көмірсу­тек шикізатын барлау мен игеру туралы келісімшарттарға қол қой­ды. Атап айтқанда, Әзір­бай­жанның Socar, Ұлыбританияның BP, Италияның ENI, Францияның Total, Ресейдің «ЛУКОЙЛ» және «Татнефть», Норвегияның Equinor, Германияның Linde AG сияқ­ты алпауыт компаниялармен. Сон­дай-ақ үстіміздегі жылы Энер­­гетика және Экология ми­нистр­ліктерімен келісім жасалды.

 

Алтынбек ТОЛЫМБЕКОВ,
Нұр-Сұлтан