Жергіліктің биліктің мәлімдеуінше, карантин 48 сағат ішінде тұрғындардан коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін енгізілген. Осыған байланысты 10 мың тұрғынның сыртқа шығуға тыйым салынды.
Гонконгта тұтас ауданда локдаун алғаш рет жарияланып отыр. Індет тараған аймақта осы айда 162 адам COVID-19 жұқтырған. – Әр тұрғыннан тест алу ісін тез жүргізуге барымызды саламыз. Біздің мақсатымыз – аталған аймақтағы індет жұқтыру жағдайын толық ауыздықтау, – дейді Гонконгтың ішкі істер хатшысы Каспар Цуй.