Құжатқа абай болыңыз!
Құжатқа абай болыңыз!
Жеке куәлік пен банк карталарын түсіріп, WhatsApp арқылы жолдай бермеңіз. Мұндайдан сақтану керек. «Өйткені бұл құжаттардың көшірмесімен-ақ онлайн-сауда жасай беруге болады», – дейді Ішкі істер министрлігінің өкілі.

«Қауіпсіздік үшін кілт сөз­дер­ді (әлеуметтік желіде немесе телефонда) жиі өзгертіп тұрған жөн. Себебі қазір қолыңыздағы теле­фонда бәрі сақталады. Өмі­­ріңізде бір рет болсын, WhatsApp ар­қылы жеке куәліктің суре­тін жіберген боларсыздар. Кей жағдайда азаматтар банк кар­­та­ларының да суретін жол­дай­ды. Мұндайдан сақтану керек. Өйт­кені бұл құжаттардың кө­шір­­­месімен-ақ онлайн-сау­­да жасай беруге болады. Ин­­­тер­­нетті пайдаланудың қа­ра­­пайым ережелерін сақ­та­ған дұрыс», –дейді Ішкі істер ми­нистрлігі Қылмыстық поли­ция де­парта­мен­тінің кибер­қыл­мыс­қа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында. Бүгінгі күні интернеттен алаяқтық ба­сым бөлігі трансшекаралық си­патқа ие болған. Биыл осындай мыңға тарта қылмыс ашылып, 388 адам ұсталған. Олардың 160-ы екі немесе одан да көп қыл­­мысқа қатысы бар деген күдік­ке ілінген.

Интернеттегі сауда-саттық барысында тараптардың бір-бірімен кездеспейтіні белгілі. Сол себепті қылмыскер бір өңір­де отырып алып, басқа өңір­де өз қылмысын жасай ала­ды. Оның айтуынша, ин­тер­­неттегі алаяқтықтың бір­не­­ше түрі бар екен. Бір жағ­­дай­да қылмыскерлер жал­ған жар­намалар арқылы аза­мат­тар­ды алдаса, екінші жағдайда адамдардың жеке құжаттарын пайдалана отырып, пиғылдарын іске асырады. «Интернеттегі алаяқтықтың ең көп кездесетін түрі – мүлік немесе тауар, қыз­мет туралы жарнама жария­лау арқылы жасалады. Мұн­дай санатта биыл 4,5 мың қыл­­мыс тіркелді. Алаяқтар мұн­­дай жағдайда клиенттерді арзан бағамен арбап, алдайды. Алдын ала жарна немесе толық ақшаны банк картасына не­ме­се электронды әмиянға жі­бе­руді сұрайды. Әлбетте, банк кар­та­лары мүлде үшінші адамға тие­сі­лі болуы мүмкін», – дейді ол.

Әділ БЕК