Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын неге жұмсайтыны белгілі болды
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын неге жұмсайтыны белгілі болды
104
оқылды

Бірінші күннің қорытындысы бойынша,  қазақстандықтардың зейнетақы жинағын неге жұмсайтыны белгілі болып отыр. «Отбасы банк» басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов адамдар зейнетақы жинағын неге жұмсағысы келетіні жайлы мәлімет берді.

10 мыңнан аса қазақстандық жинағын пайдалануға шешім қабылдап, өтінім берген. Сонымен, қазақстандықтардың басым көпшілігі зейнетақы жинағымен банктегі несиесін жапқысы келетіні анықталды. 50 пайызы - банктегі несиесін жапқысы келеді; 17 пайызы - несиесіз баспана сатып алғысы келеді; 15 пайызы - жинақтарын туыстарына беруге ниетті; 10 пайызы - "Отбасы банкінен" несие алғысы келеді"; 5 пайызы - басқа банктерден несие алуға ниетті; 2 пайызы - ақшаны құрылысқа жұмсағысы келеді; 1 пайызы - басқа мақсаттар үшін жұмсағысы келеді.