Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды. «Солтүстік Қазақстан облысында аяз күшейіп, ауа температура минус 38 градусқа жетті. Соған байланысты 2021 жылғы 23 қаңтар сағат 18:00 бастап дизель отынын пайдаланатын көлік құралдарының республикалық маңызы бар жолда жүруіне тыйым салынады. Аяздың беті қайтқанша алыс жолға шықпағандарыңыз жөн», – деп ескертеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта республикалық маңыз бар жолдарда қозғалыс шектелді. Атап айтқанда, «М-36 «РФ (Екатеринбург қаласы) шекарасы – Алматы» тасжолының 386-729 шақырымы, Сарыкөл ауданы мен СҚО шекарасы, «А-21 «Мамлютка-Қостанай» бағытының 180-250 шақырымы, СҚО мен Қостанай облысының Ұзынкөл ауданы шекарасында жол қозғалысына уақытша тыйым салынды. Жолдар ауа райы жақсарған соң ғана ашылады.