Атырау қаласында көпқабатты тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқыс оқиға 23 қаңтарда сағат 18:34-те Атырау қаласында болған.[embed]https://youtu.be/DGaZXcSOZIU[/embed] Ауруханаға түскен 3 адамға медициналық көмек көрсетілді. Кейін оның екеуі үйіне жіберілді. Ал оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Олар жарылыстың себебі анықталып жатыр.«Авангард-2» шағын ауданында орналасқан №18 үйдің пәтердің бірінде тұрмыстық газ жарылды. Мамандардың айтуынша, жарылыс газ желісіндегі ақаудан шыққан. Соның салдарынан екінші қабаттағы көршілес екі пәтердің арасындағы қабырға құлады. Үш адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.