Ақтауда мешіт ғимаратына қарама-қарсы 26-ықшамауданда жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Жол апаты 23 қаңтарда шамамен 20:55-те болған. Мешіт ғимаратына қарама-қарсы 26 және 27 ықшамаудандар арасындағы жолда жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен.Зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ. Автокөлік айыппұл тұрағына жіберілді.– Toyota RAV4 автокөлігі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды, – деп хабарлады баспасөз қызметі.