Жақында Димаштың жаңа бейнебаяны жарыққа шығады
Жақында Димаштың жаңа бейнебаяны жарыққа шығады
132
оқылды

Бұл жайында Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Жақында «Golden» әніне түсірілген жаңа бейнеклипім шығады. Ең алдымен #dears-қа қолдау көрсеткені үшін және жаңа туындыларымды әрқашан асыға күтетіні үшін алғыс айтамын», – деп жазды Д.Құдайберген Instagram-дағы парақшасында. Сонымен қатар ол туынды YouTube каналында жарияланады екен. «Менің жаңа бейнеклипім жақсы әсерге бөлейді деп сенемін. Сіздерді YouTube каналымда күтемін. Шығатын күні жақын арада белгілі болады. Жаңалықтар назарларыңызда болсын!», - деді әнші. 2020 жылы желтоқсан айында әнші «Мені сені сағынамын» әніне түсірілген бейнебаянын YouTube-тағы ресми арнасына жариялады.