Көлікті тексермей-ақ, техникалық байқаудан өткізетін 69 орталық жабылды
Көлікті тексермей-ақ, техникалық байқаудан өткізетін 69 орталық жабылды

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлікті тексерместен, техникалық байқаудан өткізетін 69 орталық анықталды.

«Көлік комитеті техникалық байқау орталықтарында көлік құралдарын нақты тексермей техникалық байқау жүргізу қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ бұзылған мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды немесе «қарақшылық» бағдарламаны пайдаланатын техникалық байқау орталықтарын анықтап жатыр. «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне мониторинг жүргізу барысында Көлік комитеті бірыңғай ақпараттық жүйе операторымен бірлесіп осындай 69 орталықты анықтады» делінген ресми хабарламада.

Соңғы жылдары Қазақстанда техникалық байқау орталықтарына қойылатын талаптар күшейді.