Порье МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңді - видео

Абу-Дабидегі Fight Island-да («Сарбаздар аралы») UFC 257 турнирі мәресіне жетті

Кештің басты жекпе-жегі ирландиялық Конор МакГрегор (22-4) мен америкалық Дастин Порье (26-6-1) жұдырықтасты.

Жекпе-жек екінші раундтың ортасына дейін ғана жалғасты. Дастин Порье техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Порье МакГрегорға 2014 жылы кеткен есесін қайтарды. Қос файтер арасындағы алғашқы жекпе-жекте Конор бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Осы кеш аясында Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов та өнер көрсетті. Жерлесіміз швед спортшысы Амир Альбазиге төрешілер шешімімен есе жіберіп, UFC-дегі екінші жеңілісіне ұшырады.

https://www.youtube.com/watch?v=pvvBLmZsG2M

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.