Дубайда әлемдегі ең биік карусель ашылды
Дубайда әлемдегі ең биік карусель ашылды
113
оқылды

Әлемдегі ең биік карусель Дубай қаласындағы Bollywood Parks саябағында ашылды.

Саябақ өткен жылдың көктемінде пандемияға байланысты жабылған еді. Бірақ осы уақыт ішінде ондағы аттракциондар жаңартылған. Олардың бірі – биіктігі 140 метрге жететін Bollywood Skyflyer тізбекті каруселі, ол бұған дейін Гиннестің рекордтар кітабына енген атракционнан 18 метр биік.