Хабиб МакГрегордың жеңілу себебін атады
Хабиб МакГрегордың жеңілу себебін атады
5,116
оқылды
Хабиб Нурмагомедов американдық аралас стильдегі күрескер (UFC) ирландиялық Конор МакГрегордың жеңілісі жайында өз ойын айтты. "Егер сен команданы ауыстырып, сені чемпион еткен спарринг-серіктестерді тастап, шынайы жекпе-жектен қашып, жас балалармен спаррингке түссең осындай болады", – деп жазды Хабиб өзінің Twitter парақшасында. https://twitter.com/TeamKhabib/status/1353235459388940289?s=20   24 қаңтарда Дастин Порье Абу-Дабидегі Fight Island-да («Сарбаздар аралы») абсолютті күрес чемпионаты (UFC) 257 турнирінің басты жекпе-жегінде Конор МакГрегорды жеңді. Жарыс 2020 жылдың наурыз айынан бастап алғаш рет көрермендердің қатысуымен өтті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек титулдық мәртебеге ие болмады, алайда UFC президенті Дэйна Уайттың айтуынша, жекпе-жектің жеңімпазы Хабиб Нурмагомедов иеленген чемпиондық белдікке үміткер болып саналады.