Tumba.kz-тің жазуынша, Ақтауда екі жүкті әйелді көлік қағып кетті. Жараланған екеуі де ауруханаға жеткізілді.
Дереккөздің жазуынша, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жол-көлік оқиғасы 23 желтоқсан күні сағат 16:00-дер шамасында 26-ықшамауданындағы балалар ауруханасының маңында әйелдер такси тоқтатып тұрған жерінде болған.
«Жедел жәрдем бригадасы дереу оқиға орнына жеткен. «Зардап шеккен екі әйел де ауруханаға жеткізілді. Бір әйел жүктіліктің 34-аптасында, оның жасы қырықта. Екіншісі жүктіліктің 22-аптасында, жасы 31-де», — деді басқарма өкілі.
Тергеу жалғасып жатыр.