Республикалық маңыздағы бірнеше жолда көлік қозғалысы жанданды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасында жарияланды.
Ақмола облысында сағат 12:00-де Нұр-Сұлтан – Петропавл тасжолының 18-231 шақырымындағы елорда мен Щучинск арылығында қозғалыс ашылды. Жамбыл облысында Алматы – Ташкент – Термез тасжолының 536-593 шақырымындағы Айша бибі А учаскесі мен Түркістан облысының шекарасы аралығында көлік қозғалысы жанданды. Тараз – Шымкент жолына шектеу алынды, қозғалыс автокөліктің барлық түрі үшін қалпына келтірілді. Түркістан облысында Алматы – Ташкент – Термез жолының 593-654 шақырымындағы жол ашылды. Қызылорда облысы аумағындағы Самара – Шымкент тасжолының 1912-2057 шақырымындағы Бәйгеқұм мен Түркістан облысы шекарасы, Түркістан облысы аумағындағы 2057-2175 шақырымы арасындағы көлік қозғалысы ашылды.