Порье мен МакГрегордың UFC 257 турнирінде алатын гонорары белгілі болды
Порье мен МакГрегордың UFC 257 турнирінде алатын гонорары белгілі болды
128
оқылды
Ирландиялық Конор МакГрегор мен американдық Дастин Порьердің Абу-Дабидегі UFC 257 турнирінде өткізген жекпе-жегі үшін ресми гонорары белгілі болды. The Independent басылымының хабарлауынша, UFC 257 турнирінде МакГрегор 5 миллион доллар, ал Порье - 1 миллион доллар тапты. Сонымен қатар файтерлер ақылы эфирден түскен табыстың бір бөлігін алады. UFC 257 турнирінде америкалық файтер Дастин Порье кеште өнер көрсеткені үшін 50 мың доллар сыйақы алды. Бұл туралы промоушн президенті Дана Уайт баспасөз мәслихатында хабарлады. Дәл осындай бонустарды бразилиялық Марина Родригес (Аманда Рибасты жеңгені үшін), өзбек файтері Махмуд Мурадов (америкалық Эндрю Санчесті жеңгені үшін) және жаңа зеландиялық Дэн Хукерді жеңген америкалық Майкл Чандлер алды.