Бір бөлмелі пәтерде 107 адам тіркеуде тұрған
Бір бөлмелі пәтерде 107 адам тіркеуде тұрған
95
оқылды

Қостанайда жалпы аумағы 30 шаршы метр жатақхана бөлмесінде 107 адам тіркеуде тұрған, — деп хабарлайды «Хабар 24».

Дерекөздің хабарлауынша, негізінен, студенттер, пәтер жалдайтындар, қалада жұмыс істейтін жақын маңдағы ауыл тұрғындары тіркелген екен. Осыншама адамды тіркеуге алған баспана иесінің ойлағаны жұрттың қамы емес, жеке басының пайдасы. Пәтер иесі осыған дейін де көші-қон заңдылығын бұзған екен.

Былтыр осы мекенжайда 60 адамның тіркелгендігі анықталған, бірақ нақты тұрып жатқандар екі-үшеу ғана. Пәтер иесі әр адамнан 5 мың теңгеден алып отырған.

Көші-қон полициясы басқармасының басшысы Қайрат Дұтпаев: «Көші-қон заңдылығына сәйкес, жауапкершілікке тартылатындығы туралы, адамдарды тіркеуден шығару қажеттігін бірнеше рет ескертіп, айттық. Алайда ол одан қорытынды шығарған жоқ. Сондықтан 10  айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді.