Боран салдарынан Үшарал – Достық жолы жабылды
Боран салдарынан Үшарал – Достық жолы жабылды
111
оқылды

Боран салдарынан «Үшарал – Достық» күре жолы жабылды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Казахавтодор» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылдың 24 қаңтары сағат 15:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал – Достық» республикалық маңызы бар автожолында (0-84 шақырымдары) барлық автокөлік түріне қозғалыс жабылды. Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда қажетті барлық затты өзіңізбен бірге алып жүріңіз»,- делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында. ТЖД өкілдері азаматтардан осы бағыттағы сапардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.