Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі жекпе-жегі үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі жекпе-жегі үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды
Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың Әбу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 257 турнирінде алған гонорары жария етілді. «Сарбаздар аралында» қазақстандық спортшы швед Амир Альбазиге қарсы шығып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліс тапты. Осы жекпе-жек үшін Жұмағұловқа 13 500 доллар (10 000 доллар – кепілдендірілген гонорар, 3 500 доллар – демеушілік бонус) төленеді. Альбази 23 500 доллар иеленді, яғни оған кепілдендірілген гонорар мен бонустан бөлек, 10 000 доллар жеңісі үшін берілді.