Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасында жарияланды. Ақмола облысында сағат 12:00-де Нұр-Сұлтан – Петропавл тасжолының 18-231 шақырымындағы елорда мен Щучинск арылығында қозғалыс ашылды. Жамбыл облысында Алматы – Ташкент – Термез тасжолының 536-593 шақырымындағы Айша бибі А учаскесі мен Түркістан облысының шекарасы аралығында көлік қозғалысы жанданды. Тараз – Шымкент жолында шектеулер алынып тасталды, қозғалыс автокөліктің барлық түрі үшін қалпына келтірілді. Түркістан облысында Алматы – Ташкент – Термез жолының 593-654 шақырымындағы жол ашылды.