Нұрлан Ноғаев АЭС-тің салынуына қатысты пікірін айтты
Нұрлан Ноғаев АЭС-тің салынуына қатысты пікірін айтты
131
оқылды

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев елімізде Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты пікірін білдірді, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Бүгінге дейін қандай позицияда болсақ, әлі соны ұстанып отырмыз. Әзірге қаралып жатыр. Энергетика министрлігі энергияның қосымша көздері барда біз бұл проблеманы қараймыз. Ал қазіргі таңда республика энергиямен өзін-өзі қамтып отыр. Тіпті электр энергияның бір бөлігі экспортталады», — деді Нұрлан Ноғаев.

Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап берген Энергетика министрі елді электр энергиясымен қамту мәселесін жақсарту бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізіп отырғанын айтты.

«Жуықта Атырау облысында еркін экономикалық аумақта республикалық маңыздағы 310 мегаваттық Қарабатан газ-құбырлы электр станциясы пайдалануға берілді», — деді ол. «Яғни АЭС құрылысын жүргізу мәселесі жабылды деуге бола ма?» деген сұраққа министр «жабылды деуге келмейді, қандай сатыда тұрды – әлі сонда» деп жауап берді.