Жанқош Тұраров келесі кездесуін британдық боксшыға қарсы өткізетін болды
Жанқош Тұраров келесі кездесуін британдық боксшыға қарсы өткізетін болды
165
оқылды
Бірінші жартылай орта салмақта екінші деңгейлі WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) өзінің келесі кездесуін 12-наурыз күні өткізеді,– деп хабарлайды BoxRec. 30 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы британдық боксшы Тайрон Маккен (21-2-1, 6 КО) болады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланып отыр. Кездесу Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтеді. Еске салайық, соңғы рет Тұраров шаршы алаңға 2019 жылдың шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласында шығып, аргентиналық Максимилиано Годойды (32-6-1, 17 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңді.