Исландиялық электрик жұмыстағы апат кезінде екі қолынан айырылған. Ал трансплантация үшін донор іздеуге бірнеше жыл уақытын сарп етті. Iceland Monitor хабарлағандай, трансплантация Исландияның 48 жастағы тұрғыны Феликс Гретарссонға жасалған. Операцияны Лионда француз дәрігерлері жасады. Осылайша, бір топ хирург (шамамен 50 адам) қатысқан ота сәтті аяқталды. 1998 жылы 2 қаңтарда жоғары вольтты электр желісінде жұмыс істеп жатқан Феликстің қолын 11 мың вольтты кернеу күйдіріп жібереді. Осыдан кейін ол 3 ай бойы комада жатты. Хирургтар екі қолын ампутациялауға мәжбүр болды. Бұдан кейін науқасқа бірнеше ота жасалған, соның ішінде бауыр трансплантациясы да бар. Қазір 48 жастағы азаматтың денсаулығы бірқалыпты.
"Бүгін күйеуімнің бақыттан көзі бал-бұл жанып тұрғанын, үміт пайда болғанын көрдім. Өте қуаныштымын және оны қолдау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын", – деп эмоциясымен бөлісті науқастың жары Сильвия Гретарсон.Дәрігерлер алдағы уақытта қолдың қаншалықты қозғалатынын болжаудан бас тартып отыр. Жетекші хирург Арам Газарянның айтуынша, егер науқас шынтағын қатты бүгіп алса, бұл оның өмірін өзгертуі мүмкін.