Дубайда өтетін EXPO-ға Қазақстан 22 миллион доллар жұмсайды

Дубайда өтетін EXPO-ға Қазақстан 22 миллион доллар жұмсайды

Қазақстан Дубайдағы EXPO-да қазына қаржысына павильондар салады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары — Қаржы министрі Әлихан Смайылов: «Ең алдымен Үкімет негізгі капиталға инвестиция көлемін арттыру, тікелей шетелдік инвестиция көлемін биылғы 24 миллиард теңгеден 2025 жылға 34 миллиард долларға дейін арттыру міндетін қойып отыр. Біз жыл сайын Қазақстанға қосымша 10 миллиард долларға шетелдік инвестициялар ағынын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін Дубайда жарты жыл бойы өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысу өте маңызды», — деді. Ол көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен инвесторлар қатысатынын және Қазақстанды инвестиция тартуға мүмкіндік болатынын атап өтті.

«Мүмкіндіктердің Тақырыптық кластері аясында Қазақстанның ұлттық павильоны орнатылады. Ал павильонды қайта жаңғырту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 8,8 миллиард теңге немесе 22 миллион доллар бөлінді. Егер біздің павильонға бару нәтижесінде, Қазақстанға қосымша шетелдік инвестициялар келсе, онда бөлінген қаржы жаңа өндірістер, жаңа жұмыс орындары мен қосымша салықтар есебінен көп есе өтеледі», — деді Смайылов.