Шығыста 90-нан астам елдімекен су астында қалуы мүмкін
Шығыста 90-нан астам елдімекен су астында қалуы мүмкін
141
оқылды

Биыл Шығыс Қазақстанда күн күрт жылынса, су тасқыны қаупі төніп тұр.

Облыс  басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, су тасқынының алдын алуға дайындық қазірден басталған.

«Су тасқынының алдын алу үшін 10 ақпаннан су басу қаупі бар учаскелерді тексеру және облыс аумағындағы гидрологиялық жағдайға аэровизуалды мониторинг жүргізу жұмысы басталады. Бүгінгі таңда су тасқыны қаупі бар 94 елдімекен немесе 7191 тұрғын үй орналасқан 121 учаске анықталды. Мамандардың айтуынша, Өскемен қаласы, Алтай, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое және Бородулиха аудандарын су басу қаупі бар», – деді.

Әкімнің айтуынша, Үлбі, Таулы Үлбі, сондай-ақ Ертіс өзенінің Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейінгі тұсында жүргізілген аэровизуалды зерттеу жағдайдың тұрақты екенін көрсетсе де, мұз қалың. Өзендердегі мұздың қалыңдығы 2018-2020 жылдардағы көрсеткіштен де жоғары. Бұқтырма өзенінде мұздың қалыңдығы – 60-70 см.

Қауіпті төмендету үшін Бұқтырма, Ертіс, Күршім, Уба өзендерінде мұзды жару жұмысы жүргізіледі.