Бүгін Семейде мектепте сабақ болмайды
Бүгін Семейде мектепте сабақ болмайды
5,132
оқылды

Білім басқармасының мәліметінше, Семейде қатты аязға байланысты мектеп, колледж, лицейлерде сабақ болмайды.

Қалада қазіргі уақытта ауа температурасы -34 градусты көрсетіп тұр. Сондықтан 1-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс студенттері сабаққа бармайды. Семеймен қатар Риддер, Курчатов қалаларында, Глубоковский, Бесқарағай, Бородулихин, Жарма, Ұлан, Шемонайха аудандарындағы мектептерде 0-11 сынып, 1-2 курс колледж студенттеріне сабақ болмайды. Өскемен қаласы мен Аягөз ауданында бірінші ауысымдағы 0 мен 9 сынып және Алтай ауданында бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда -40 градусқа дейін аяз болатынын ескерткен болатын.