Мысырда қаза болған елшілік қызметкерінің денесі елге биыл жеткізіледі — министр
Мысырда қаза болған елшілік қызметкерінің денесі елге биыл жеткізіледі — министр
145
оқылды

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мысырда қайтыс болған елшілік қызметкері Еламан Жолдасовтың денесі елге жеткізіледі, — деп хабарлады «Sputnik Қазақстан».

Оның айтуынша, елшілік қызметкерінің денесі жаңа жылға дейін елге жеткізіледі.

Дереккөздің жазуынша, Үкімет отырысынан кейін журналистер министрден Еламан Жолдасовтың денесі елге қашан жеткізілетінін сұрады.

«Жаңа жылға дейін, осы аптаның соңы немесе келесі аптада денесі елге жеткізіледі деп отырмыз», — деді министр.

Министрдің айтуынша, елшілік қызметкерінің жұмбақ өліміне қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр.

Бұған дейін елшілік қызметкерінің Мысырда қайтыс болғанын жазған болатынбыз.