Операциямен артық майын алдыратындар неге көбейді?
Операциямен артық майын алдыратындар неге көбейді?

Қазір хирургтің көмегімен бір-ақ сәтте артық майдан арылуға болады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Кейінгі кезде Қазақстанда қауіпті липосакция, абдоминапластика сияқты күрделі ота жасататындардың қарасы көбейген.

«Абдоминапластика, липосакцияға жүгінетін адамдардың саны күн санап артуда. Мәселен, аптасына 3-4 абдоминапластика жасаймыз. Бұл – блефорапластика мен маммопластикадан кейін үшінші орында тұрған сұраныс көп ота. Көбінесе салбыраған майын алдырту үшін босанған әйелдер жүгінеді. Мұндай операцияларды барлық адамға жасауға болмайды. Сондықтан тексеріп, денсаулығы жақсы адамдарға ғана жасаймыз. Отадан кейін науқас кем дегенде бір ай күтінуі тиіс», – дейді хирург Ілияс Бейскенов.

Дене пішімін өзгерткісі келетіндер бұл отаға 100 мың мен 600 мың теңгеге дейін төлейді.

Бұған дейін "артық майдан арыламын" деп қайтыс болған көпбалалы келіншек туралы жазған болатынбыз.

  https://youtu.be/3vQTdrwP4J0