Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданында екінші ауысымдағы оқушыларға мектепте сабақ болмайды. Сабақты қашықтан оқиды.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қаңтарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-26) Өскемен қаласында екінші ауысымдағы 1-4-сынып оқушыларына сабақ болмайды. «Жарма ауданында сынап бағанасы -32 градусты көрсеткендіктен 1-11-сынып оқушыларына сабақ тоқтатылады. Ал Риддер қаласында ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеді. Сондықтан 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері сабақтан босатылды», – деп хабарлады ведомстводан.